Кәсіпкер • 03 Мамыр, 2025

Ағзаға пайдалы таза бал

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бал Ара» омарташылар одағының мүшесі Дия Ержанова мен жолдасы Кәкім Ыбыраев нарыққа таза бал өнімдерін ұсынады.

Ағзаға пайдалы таза бал

Мұндай бал өндірісінде химиялық қоспа, пестицид және антибиотик қолданылмайды. Балды өндіру үшін омарта маңындағы 3–5 шақырым ра­диустағы өсімдіктер де эколо­гиялық таза болуы қажет.

– Органикалық бал – ден­саулыққа пайдалы, табиғи әрі сапалы өнім. Өнім Латвия­дағы Рига шаһарында сертифи­кат­тал­ған. Еуроодақта аккредиттел­ген. Өнімге талап жоғары. Жылда сертификат жаңартамыз. Осылайша, қоспасыз балдың сапасы сүзгіден өтіп тұрады. Елімізде мұндай кәсіппен айналысатын екі-ақ өндіруші бар, соның бірі – біз, – дейді Дия Көшкенқызы.

ап

Өнімдерін брендке айналдыруды көздеген ерлі-зайыпты тұрақты тұтынушылар үшін жеңіл­діктер де ойластырған. Мәсе­лен, тұтынушы 10 кило бал алса, оған ынталандыру мақса­тында тағы бір килосын тегін береді. Іскер омарташы алдағы уақытта аралар санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Өнім­дерін әлеуметтік желідегі парақ­шаларында жар­намалайды. Кәсіпкердің сапалы балы өзге өңірлерде де сұранысқа ие.

«Кәсіпті бастаған жылдары кездескен кедергіні еңсеріп, отбасымыздың күшімен алға қадам басып келеміз. Тұрақты клиенттеріміз үздіксіз өнім алдырады. Солар арқылы тапсырыс беріп жатқандар да көп. Өніміміз махаббатпен әзірленгендіктен оның өтімі де жеңіл жүріп жатыр», дейді кәсіпкер Дия Көш­кен­қызы.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15