Көрме • 03 Мамыр, 2025

Шоқтығы биік Шоқан мұрасы

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақтың біртуар ғалымы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуы­на орай «Шоқаны бар елдің – шоқтығы биік» атты тағылымды көрме ашылды. Көрмеге Мемлекеттік орталық музей мен Алматы облысы, Керб­ұлақ ауданындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі қоры­нан, сондай-ақ мұрағат қорынан алынған бірегей жәдігерлер қойылды.

Шоқтығы биік Шоқан мұрасы

Көрмеде ға­лым­ның Мем­ле­кет­тік орталық музей қо­­рында сақ­талған жеке бұ­йым­­дары, қол­жаз­балары және шы­­ғар­­­малары, сон­дай-ақ ол туралы жарық көр­ген кітап­тар мен ба­сы­лым­дар на­си­­хатталды. Әсі­ресе Шоқанның бө­рігі мен мылты­ғы­ның дү­мі, Қашқар сапа­ры­нан әкелген қытай құ­мырасы, сапарда алып жүр­ген жол­торсығы және «Алтынемел» мемо­риал­дық му­зейінен әкелінген мыс тоста­ғаны, күміс қа­сығы, парша белбеуі кө­рер­­мен назарын аударады.

Сол секілді Шоқан Уә­лихановтың IV дә­режелі әулие Вла­ди­мир ордені, Орыс гео­­гра­фиялық қоға­мының толық мүше­сіне сай­­лан­ған­дығы тура­лы дипломы (кө­­­шір­­месі), сондай-ақ экспедициясы ба­ры­­сында әкелінген бағалы тастары да көр­некті жәдігерлер қатарынан та­был­­ған.

Көрменің елеулі бө­лігінен Шоқан­ның туыс­қандарына қатысты экс­понат­тар орын алған. Атап айтқанда, қарын­дасы Тәжібайдың аққу терісінен тігілген бірегей ішігі, әп­кесі Әпиянің көйлегі, қарындастары Бәдіғұлдың бешпенті, Нұриланың орамалы, нағашысы Иса Шормановтың шекпені көрме маңызын аша түс­кен.

Мазмұнды жо­ба­ның елеулі бөлігі Н.Третья­ков, Н.Хлу­дов, П.Дья­ков сынды қылқалам ше­берлерінің Шоқан­­­ның портреттері мен сол за­ман­ның кө­рі­ні­сін бейнелейтін шы­ғармаларына арнал­ды. Көрме аясында өткен «Шо­­қан­ның ғылыми өне­гесі» атты дөңгелек үс­тел­де ғалымнан қалған мұраның мәні мен ма­ңызы, оның игерілуі тура­лы құнды деректер айтылды. Тарихшы Са­мат Өтениязов Шоқан Уәли­хановтың еңбектері әлі күнге дейін толық жинақ­талып, жүйеленбегенін, бұл жағ­­дай ғалымның ғы­лыми мұрасын толық­қанды зерттеуге кедергі кел­тіріп отыр­ғанын атап өтті. Оның айтуын­ша, Шоқан мұрасын зерт­тейтін маман­дарды даяр­лау үшін арнайы оқу бағ­­­дар­­­ламаларын енгізу және ғылыми зерт­теу жұ­мыстарын кең көлемде қол­дау қажет.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15