Тек алғашқы демалыс күндерінің өзінде 1,15 млрд теңгеден астам сомаға билет сатылып, 504 мыңнан астам көрермен тартқан. Қалай десек те, бұл – Қазақстан прокаты тарихындағы барлық анимациялық фильмдер ішіндегі ең кассалық көрілім ғана емес, ауқымы жағынан «Аватар: Су жолынан» кейінгі екінші ірі стартқа айналып отыр.
Тағы бір атап өтерлік тұсы, «Аңдар шаһары» кейіпкерлері алғаш рет қазақ тілінде сөйлеп, Гүлнара Сильбаева, Асан Мәжіт, Сабира Жарасқызы, Бақытжан Әлпейіс, Шах-Мұрат Ордабаев сынды қазаң актерлары дубляжды дыбыстады.
«Аңдар шаһары 2» анимациялық картинасының қазақша нұсқасы 110,8 млн теңге жинап, барлық табыстың 14,5%-ын қамтамасыз еткен.
Рекордтық ақпарат тағы бір айтулы оқиғамен тұспа-тұс келіп отыр. Disney алғаш рет Қазақстандағы жергілікті компаниямен келісімшарт жасады. Әлемге айгілі студия отандық RTS Decaux компаениясымен бірге Астана мен Алматы қалаларында ауқымды сыртқы жарнама насихатын бірігіп атқарса, бұл да Орталық Азиядағы Disney студиясы жүзеге асырып отырған алғашқы ынтымақтастық.
Әлемдегі ең ірі киностудиялардың бірі мен қазақстандық сыртқы жарнама операторы арасындағы осынау серіктестік жай ғана маркетингтік жоба емес, ол отандық нарыққа деген сенімнің биіктеп, дамығанын білдіреді.
Сарапшылар жаһандық студияның бұл мүддесін Қазақстанның сыртқы жарнама нарығының қарқынды өсуімен байланыстырып отыр. Мәселен, 2025 жылдың бірінші жартысында оның көлемі 12,5 млрд теңгеден асты.
«Аңдар шаһары 2» фильміне тоқтала кететін болсақ, жаңа бөлімде Джуди Хопс пен Ник Уайлд Аңдар шаһарындағы беймілім аудандарға барып, езекті тергеу істеріменмен бетпе-бет келеді. Кезекті картинада да алғашқы бөлімді жасаған режиссерлар – Джаред Буш пен Байрон Ховард, продюсер Иветт Мерино тер төккен.
Алғашқы фильм шамамен 10 жыл бұрын шыққанын және «Оскар», «Алтын Глобус», BAFTA секілді талай беделді марапатты жеңіп алғанын, картинаны Шакира, Маколей Калкин, Жан Рено, Идрис Эльба, Джейсон Бейтман, Дженнифер Гудвин сынды дарындар дыбыстағанын еске сала кетуге болады.