Шаруашылық • 01 Мамыр, 2025

Қазақстанда 2,1 млн гектар аумаққа шегіртке тарауы мүмкін – АШМ

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда шегірткелердің жаппай таралуы 2,1 миллион гектар жерді қамтуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 2,1 млн гектар аумаққа шегіртке тарауы мүмкін – АШМ

«Биыл шегіртке зиянкестері 2,1 млн гектар алқапқа таралады деп болжануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Химиялық өңдеулерге 443 бүріккіш техника мен 46 дрон тарту жоспарланып отыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Шегірткелердің таралуына жол бермеу мақсатында өңірлерде фитосанитарлық шаралар белсенді жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 907 мың гектарға жуық аумақ зерттелген, оның ішінде 7 дрон пайдаланылған. Зиянкестер анықталған аумақ 456 мың гектарды құрайды, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асып отыр.

Бүгінде 348 мың гектар жер химиялық жолмен өңделіп үлгерді. Атап айтқанда, Жамбыл облысында – 14 мың га, Түркістан облысында – 335 мың га жерге шегірткеге қарсы өңдеу жүргізілген. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегіртке мәселесі тұрақты бақылауда екенін және зиянкестердің таралуына жол берілмейтінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15