Құрылыс • Бүгін, 11:00

Дәрігерлік амбулатория құрылысына қаржы бөлінді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу ісі жүзеге асырылып жатыр.

Дәрігерлік амбулатория құрылысына қаржы бөлінді

Сурет: ec-sport.kz

Үкімет Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы, Волчанка ауылында дәрігерлік амбулатория салу жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 67 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Жобаның жалпы құны 419 млн теңгені құрайды. Қаражаттың бір бөлігі бұрын Үкімет резерві­нен және облыстық бюджеттен бөлінген.

Бүгінгі таңда нысанның құры­лысы 65%-ға орындалды. Инженерлік желілерді – сумен жабдықтау, электр энергиясы және коммуникацияларды жүр­гізу бойынша жұмыстар ат­қарылуда. Тапсыру 2025 жылдың мамырына жоспарланған.

Бұған дейін Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Өскемендегі гематология орталығының құрылысын аяқ­тау­ға 33,6 млрд теңге бөлген еді.

Айта кету керек, Қазақстанда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланған. Бүгінде 467 нысанның құрылы­сы аяқталды. Алғашқы медицина­лық-санитарлық көмек нысан­дарын салуға және ауруханалар­ды реконструкциялауға қара­жат республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұдан басқа, қаржылан­дыру Арнаулы мемлекеттік қордан да жүргізіледі. Премьер-министр денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдікке қалған 188 медициналық нысанның құрылысына және ауруханалардың қайта құрылуына апта сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.