
Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, ұсталған азамат күндіз пәтерде иелері жоқ кезде, емін-еркін кіріп кетіп жүрген. Ол бүгінге дейін кем дегенде 5 пәтерді тонады деген күдікке ілінді.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 800 мың теңгеден асады.
«Оқиға орнында күдіктіден айғақты заттар тәркіленді. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасуда», - деді Талант Исаев.