Атырау облысындағы оқиға бойынша 4 қыздың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) əкімшілік іс қозғалған. Оның ішінде біреуіне 78 640 теңге айыппұл, екеуіне 39 320 теңгеден айыппұл салынса, төртіншісі 15 тəулікке əкімшілік қамауға алынған.
Сонымен бірге аталған факті бойынша Атырау қаласының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 372-бабымен (мемлекеттік рəміздерді қорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалған. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады.
Қылмыстық қудалау органы «Ozon» маркетплейсінің Қазақстандағы өкілдігіне қылмыстық құқық бұзушылықтар жəне басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнiндегi ұсыным (қылмыстық процестік кодекстің 200-бабының тəртібінде) қылмыстық іс шеңберінде жолданды. Нəтижесінде «Ozon» сайтынан жазуы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын сату туралы, сондай-ақ кез келген діни материалдарға қатысты барлық жарнамалар алынып тасталды. Сонымен қатар Мəдениет жəне ақпарат министрлігі маркетплейстерде діни материалдардың таралуын заңнамалық реттеу мəселесін қарастырып жатыр, – дейді бас прокурор Берік Асылов депутаттарға берген жауабында.18:36
Бұл фото Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында түсірілуі мүмкін. Атырау облыстық полиция департаменті қазір суретке түскендер анықталғанын хабарлады.
- Әлеуметтік желіде таралған жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды, – делінген полиция хабарламасында.
Олар ұстап тұрған Қазақстанның Мемлекеттік туының жоғарғы жағында арабша жазу жазылып, қылыштың бейнесі суреттелген. Яғни Сауд Арабиясы туының элементтері қосылған.