5 сәуірге жоспарланған жалпы қалалық сенбілік ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпей қалса да, коммуналдық қызметкерлер мен еріктілер күнделікті тазалық жұмыстарын тоқтатпады. Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейітімбетовтың айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстары 31 наурыздан бастап қарқынды жүргізілген.
– Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, екі күн ішінде жеке сектор мен көпқабатты үйлер аумағынан 1800 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстары әрі қарай да жалғасады, – деді Қуаныш Сейітімбетов.
Айта кетейік, Талдықорған қаласында 12, 19 және 26 сәуір күндері жергілікті сенбіліктер өткізу жоспарланған.