Спорт • 29 Сәуір, 2025

Теміртаулық спортшы Азия мен Еуропа рекордын жаңартты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда өткен пауэрлифтингтен Азия кубогына Қазақстан мен Үндістанның барлық қалаларынан мыңнан астам спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Теміртаулық спортшы Азия мен Еуропа рекордын жаңартты

Жергілікті спортшы, жаттықтырушы Александр Макаров жарыс барысында Азия және Еуропа рекордын жаңартты. Ол әскери жатып көтеру жаттығуында 187,5 кг салмақтағы штанганы, ал бицепске 115 кг снарядты көтеріп, жаңа нәтиже орнатты.

Александр Макаров қазіргі уақытта 50 жасқа жақындаған. Білекті спортқа ол осыдан 20 жыл бұрын келген. Бүгінде ол өз қаласында жас спортшыларды жаттықтырып, пауэрлифтингтің дамуына үлес қосып келеді.

Айта кетейік, Азия кубогы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, өңір спортшыларының шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.