Қоғам • 25 Сәуір, 2025

Көңіл айту кітабына жазба қалдырды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қасиетті Тақтың Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциатурасына барды. Онда палата спикері Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты Апостолдық нунци Джордж Джордж Панамтундилге және барлық католиктерге көңіл айтты.

Көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Мәулен Әшімбаев көңіл айту кітабына жазба қалдырып, Понтификтің әділеттілік пен мейірімділік қағидаттарын дәріптеуге және діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогті дамытуға үлкен үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ Сенат спикері Рим Папасы Францисктің 2022 жылы Астанаға жасаған апостолдық сапары және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуы тарихи оқиғаға айналғанына назар аударды.

Палата төрағасы нунцимен сұхбат барысында Понтифик Қазақстанды «әралуандықта бір-бірін тыңдап, құрметтейтін кездесулер елі» деп атағанын тілге тиек етіп, оның біздің ел туралы айтқан сөздерін отандастарымыз әрдайым ерекше ықыласпен еске алатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы Понтификті гуманизмнің, әділеттіліктің және мейірімнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға және бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы екенін айтқан еді.