Байқау • 26 Сәуір, 2025

Ұлы даланың үні

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағандыда бекзада күй өнерін дәріптеуді дәстүрге айналдырған байқау бар. Дарынды орындаушылардың басын қосып, Арқа даласын дүбірге бөлейтін биылғы Тәттімбет атындағы ІХ республикалық байқау мәреге жетті. Бұл жолғы күй жәрмеңкесі шертпе күйдің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенімен ерекшеленді.

Ұлы даланың үні

Ұлттық музыканың алыбы Тәтекеңе ар­налған өнер додасына Астана, Алматы, Шым­кент, Талдықорған, Қостанай, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, тағы да басқа өңірлерден келген 70-ке жуық өнерпаз бақ сынады. Олар екі күн бойы қылқобыз, прима-қобыз, домбыра, тағы да басқа аспаптарда классикалық туындылар мен халық күйлерін орындады.

Үміткерлердің дарынын есімдері елге белгілі өнер саң­лақтарынан құралған қазы­лар алқасы таразылады. «Қыл-қобыз» аталымының III дәре­желі дипломы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп оқушысы Темірлан Алиевке, II дәрежелі дипломы К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Абылай Есетовке, I дәрежелі дипломы Жамбыл атындағы Қазақ мем­лекет­тік академиялық филар­­мония­сының әншісі Ер­асыл Төре­хановқа бұйырды.

щ

Ал «Қобыз-прима» аталымында К.Байсейітова атын­дағы Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің студенті Бекзада Самиғолла – III орын, дәл осы университеттің студенті Нұр­айлым Әбді – II орын, Жам­был атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық филар­мониясының өнерпазы Әсия Нұртай I орын иеленді.

Конкурстың «Домбыра» аталымында М.Төлебаев атын­дағы Семей музыкалық училищесінің студенті Ер­болат Талапхан, Қарағанды қаласы №2 музыка мектебінің оқушысы Манап Анықбеков, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­серваториясының студенті Сара Қамбарова дипломант атанды. Аталған аталым бо­йынша Шет ауданы Мәдениет үйінің өнерпазы Дәулетбек Жүсіп – III орын, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Аяна Сатаева – II орын, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектебінің оқушысы Нұрәлі Саят I орын алды. Осы жолы Қазақстан-Азия сауда және мәде­ниетті дамыту қауым­дастығы «Өнерлі өр­кен» арнайы сый­лықтарын тағайындап, бір­қатар үміткер­ді марапаттады.

Сонымен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­серваториясының өнер­па­зы Ержанат Жар­қыннұр бай­қаудың бас бәйгесін алды. Жеңім­пазға «Үкілі домбыра» байқауының бас жүлде иегері, қолөнер шебері Нарбек Охановтың домбырасы тарту етілді.

«Бақ шаба ма, бап шаба ма?» демекші, бас жүл­де бұйырды. Бұл менің ғана же­ңісім емес, бізге аманат­талған дәстүрлі өнердің жеңісі деп ойлаймын. Өзім төкпе күймен өскенмін. Арқа жеріне келіп, шертпе күйден осындай жетістікке жету – мәртебе», деді байқаудың бас жүлде иегері.

 

Қарағанды облысы