Ғылым • 24 Сәуір, 2025

Ғалымдар кофе қалдығынан энергия алынатынын дәлелдеді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әдетте біз кофені тек ішеміз, яғни сусын ретінде ғана пайдаланамыз. Ал отандық ғалымдар кофенің қалдығы энергияның жаңа көзі болатынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ғалымдар кофе қалдығынан энергия алынатынын дәлелдеді

Назарбаев университетінің зерттеушілері кофенің қалдығын арнайы термоөңдеуден өткізу арқылы энергия жинайтын материалға айналдыруға келетінін көрсетті.

Профессор Айшуақ Қонаровтың жетекшілігімен және Оңтүстік Кореядағы Sejong University ғалымдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде фосформен «қосылған» қатты көміртекті жаңа материал синтезделді. Ғалымдар жоғары кеуекті құрылым алуға қажетті оңтайлы жағдайларды тапты.

Нәтижесінде материалдың қасиеттері айтарлықтай жақсарды, ал сонымен бірге натрий-иондық батареялардағы энергия жинау мүмкіндігі де артты – бұл литийлік баламалардан арзан әрі экологиялық таза шешім.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15