Саясат • 23 Сәуір, 2025

Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары кейінге қалдырылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия премьер-министрі Джорджио Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары, сондай-ақ бірінші Орталық Азия-Италия саммиті кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары кейінге қалдырылды

Оның айтуынша, Италия премьер-министрінің жаңа сапары екі жақ тараппен келісіліп жатыр.

«Италиялық тараптың өтініші бойынша Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына, аза тұту шараларына қатысуына байланысты Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және бірінші Орталық Азия-Италия саммиті кейінге шегерілді», деді Р.Желдібай.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Джорджи Мелонидің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен сәуірдің 26-27-сі аралығында келетінін хабарлаған еді. Тараптар Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылауды жоспарлады.

Бірінші Орталық Азия-Италия саммиті 27 сәуірде өтеді деп жоспарланған еді.