Қоғам • 22 Сәуір, 2025

Алматыда үйсіздердің қаланың сыртына қуылып жатқаны рас па

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды қаланың сыртына шығарып тастау фактісі орын алып жатқандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үйсіздердің қаланың сыртына қуылып жатқаны рас па

фото: pixabay.com

Алматы қалалық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтауға бағытталған профилактикалық шаралар әлеуметтік және медициналық қызметтермен бірлесіп тұрақты түрде жүргізіледі. Полиция қызметкерлерінің барлық әрекеті қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады», деді ведомство өкілдері.

Халықтың бір бөлігі полицияның бұл әрекетін дұрыс деп тапса, келесі бір бөлігі тағдырдың тәлкегіне ұшыраған адамдарға мейіріммен қарап, бейсауат қаладан қуа беруге болмайтынын алға тартады.