«Таза Қазақстан» • 22 Сәуір, 2025

Таза Қазақстан: «Самұрық-Қазына» тобы экологиялық іс-шара өткізді

70 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясы ұйымдастырылып келеді. Бүгін­де ол халқымыз түгелдей қатысатын ауқымды іс-шараға айналды.

Таза Қазақстан: «Самұрық-Қазына» тобы экологиялық іс-шара өткізді

«Таза Қазақстан» акциясы – жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Табиғатты аялау оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік берсе, таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ маңызды экологиялық бас­таманы жүзеге асырды. Қор өкілдері «Эко Nomad» жобасы бойынша Алматы қаласындағы «Оңтүстік» саябағында тазалау жұмыс­тарын жүргізді. Эколо­гия­лық әрі әлеу­меттік маңызы жоғары іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компания­ларында жұмыс істейтін 200-ден астам қызметкер белсене қатысып, 3 тонна қоқыс шығарды.

л

«Самұрық-Қазына» қоры «Taзa Қазақстан» акциясын алғашқы­лар­дың бірі болып қолдады. Өткен жылы қор компаниялар тобы 360-тан астам эко­логиялық ауқымды іс-шара ұйым­дастырды. 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызып, 200-ден астам сенбілік өткізді. Экологиялық ағарту жұмыстары күшейтіліп, ондаған акция мен лекция­ өтті. Біз осы жылға да кешенді жоспар құрып отырмыз. Олардың қатарында, еліміз бо­йынша 137 мыңнан астам ағаш отырғызу, 100-ден астам жаңа постамат орнату, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағы­тын­дағы ағартушылық жұмыс­ты жүргізу сынды шаралар бар. Біз табиғатты аялауды тек науқан ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыруға шақырамыз», деді «Самұрық Қазына» АҚ Корпоративтік бас­қару, әлеуметтік-еңбек қаты­нас­тары және еңбекті қорғау жөніндегі бас­қарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

«Эко Nomad» жобасының мақсаты – қала­лық инфра­құ­рылымға ұқыпты қарау құнды­лық­тарын қалыптастыру, халық­ты азаматтық жауапкершілік пен эко­логиялық мәдениетке тәрбиелеу.  Игі бастама – табиғатқа қамқорлық жасап, қоршаған ортаны жақсартуға және эко­ло­гиялық тұрақтылықты қалып­­тас­­­ты­руға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа үлгі болатын іс-шара.

д

«Бүгінгі өткен сенбілік ерекше маңызға ие болды. Жастар тарапынан жоғары белсенділік байқалды. Бұл – біздің табиғатқа деген жана­шыр­лығымыз бен азаматтық жауап­кершілігіміздің айқын көрінісі. Осын­дай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғаумен қатар ұрпақ тәрбиесіне де оң әсер етеді. Біз, жастар әрдайым табиғатты аялауға, таза әрі жайлы қала қалыптастыруға дайынбыз. Алдағы уақытта да экологиялық бастамаларға белсенді атсалысамыз», дейді «Самұрық-Қазына» АҚ Алматы қаласы бойынша жастар қанатының төрағасы Перизат Нәби.

Табиғатқа құрмет – өзіңе құр­мет. Берекелі, жасыл болашақ үшін бірге еңбек етейік!

 

Майнұр ЖАНАҚОВА