
Мұндай диагноз кез келген адам үшін ауыр жағдай екені анық, ал ғасыр жасаған әжей үшін бұл – өмір мен өлім арасындағы оқиға екендігі аян. Алайда, алтын қолды дәрігерлер бұл сынақтан қаймықпай, науқас ауруханаға жеткізілген күні-ақ оған шұғыл түрде жабық репозиция және остеосинтез әдісі арқылы «Гамма» типті интрамедуллярлық штифтпен жамбас сүйегін бекіту отасы жасалды. Бар болғаны 30 минутқа созылған бұл күрделі ота сәтті аяқталды.
Күрделі ота Травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Медет Жанысовтың жетекшілігімен жасалып, ассистент Исламбек Нұрмахашев, анестезиолог Әлібек Сатыбалдиев пен оталық медбике Әсел Абылғазинова хирургиялық аралсудың сәтті өтуіне атсалысты Кәсіби шеберлік пен командалық үйлесімді жұмыстың арқасында Мария әжей бірнеше күннің ішінде балдаққа сүйеніп, қозғала бастады.
Жетінші күні оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, амбулаториялық ем алу үшін үйіне шығарылды.
«Жүз жас – үлкен белес. Осындай жасқа келген адамның қайта жүріп кеткенін көру – біз үшін зор мәртебе. Бұл – уақтылы көрсетілген медициналық көмектің, заманауи тәсіл мен ең бастысы, науқастың өмірге деген құлшынысының жемісі», дейді бөлімше меңгерушісі Медет Жанысов.
Ал Мария әжей өз ісінің майталмандарына айналған мамандарға өз алғысы мен ақ батасын беріп отыр.