Өнер • 21 Сәуір, 2025

«Серпер» ұлттық өнер байқауы қорытындыланды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында I Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Серпер» ұлттық өнер байқауы қорытындыланды

Байқау ұлттық өнерді ұлықтап, жас таланттарды анықтап, төл өнерді дәріптеуге бағытталған. Өнер додасына 6 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткерден өтінім қабылданды.

Байқаудың бірінші кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың бейнематериалдары іріктеліп, 42 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды. Үміткерлер қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті. Қазылар шешімімен әр аталымнан жүзден жүйрік шыққан жастар Гала-концерт аясында марапатталды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Домбыра» номинациясынан  Айшолпан Қасымова, «Қобыз» номинациясынан Айгерим Ахметжанова, «Сыбызғы» номинациясынан Аслан Гумаров, «Шертер» номинациясынан Уали Мұратқазин, «Жетіген» номинациясынан Әйгерім Караменова, «Прима қобыз» номинациясынан Ажар Хуан бас бәйге еншіледі. Ал Жарқын Шәкәрім атындағы арнайы диплом Арон Жұбанғалиевке бұйырды.