Салық • 20 Сәуір, 2025

Павлодарда шетелдік компаниялар салықтық міндеттемелерін орындамаған

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік кәсіпорындардың 1 млн 665 мың АҚШ долларынан астам сомаға орындалмаған міндеттемелерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда шетелдік компаниялар салықтық міндеттемелерін орындамаған

Департамент қызметкерлері шетелдік компаниялардың Ертіс-Баян өңірінде орналасқан кәсіпорындарының экспорттық-импорттық валюталық операцияларына бақылау жүргізіп, 1 млн 665 мың АҚШ долларынан астам сомаға міндеттемелерін орындамағанын әшкереледі.

- Павлодар кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін (астық, картоп, күнбағыс тұқымдары және т.б.) экспорттаған, сондай-ақ экспорттан ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді банктік шоттарға есептемеген. Резидент «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның 9-бабына сәйкес ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта көзделген мерзімдерде репатриациялауды қамтамасыз етуге міндетті. Павлодар қалалық және облыстық соттарының қаулыларымен резидент-кәсіпорындар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 215 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды,-деп хабарлады департаменттен.

Соттардың қаулылары заңды күшіне енді.

Павлодар облысы