Басылым • 19 Сәуір, 2025

«Әр кәлла­да бір қиял» – ерекше шығарма

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы Ә.Тәжі­баев атын­дағы облыстық кітап­ханада Жазушылар одағы­ның мүшесі, бел­гілі жазушы-сатирик Нұрмахан Елтай­дың «Әр кәлла­да бір қиял» атты жаңа кітабы оқырманға жол тартты.

«Әр кәлла­да бір қиял» – ерекше шығарма

Әдеби кешке жиналғандар алдында облыстық қоғам­дық даму басқармасы бас­шы­сының орынбасары Артур Қамбаров қаламгерге облыс әкімінің құттықтауын табыс етті. Облыстық кітапхана директоры Нұрлыбек Мыңжас жүр­гізген туынды тұсаукесерінде ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Қатира Жәленова, Жазушылар одағы­ның облыстағы өкілі Қаршыға Есім­сейітова, Жур­налистер одағының жергілікті фи­лиалының төрағасы, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов тілегін жеткізіп, қалам­дастар атынан құрмет көрсетті.

Өмірдің күнгейі мен көлеңкесін қатар таразылайтын жазушы-сатирик – осы жанрда толымды еңбек етіп келе жатқан қаламгерлердің бірі. «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Тұран» сыйлығын, «Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Сөз сойыл» отауының Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлдесін иеленген сатирик шы­ғармашылық жолын аудандық басылымдағы «Көк ине» атты әзіл-сықақ бетінен бастапты. Кейіннен облыстық «Сыр бойы» газетіндегі «Түрлі-түрлі бастар бар» бетін жүр­гізіп, ұзақ жыл осы басылымның Жаңа­қорған, Шиелді аудандарындағы тілшісі болды. Шығармашылықтан қол үзбеген қаламгердің «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайын­даңыз­дар», «Ауылдың айтқыштары», «Беті бүлк етті», «Үшінші тайм», «Беласар» атты кітаптары баспа жүзін көрді.

Кеште «Мереке думан» халықтық әзіл-сықақ отауы өнерпаздары автор туын­дыларынан интермедия қойып, оқыр­мандарға кітап көрмесі таныстырылды.

 

Қызылорда