
Осы жарыс қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынына есімдері төменде аталған ойыншылар шақырылды:
Қақпашылар – Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань). Қорғаушылар – Степан Александров («Торпедо», Өскемен), Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Темірлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов («Барыс», Астана), Дмитрий Бреус («Торпедо», Төменгі Новгород), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток) Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент). Шабуылшылар - Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семен Симонов, Николай Шульга («Барыс», Астана), Александр Борисевич («Сарыарқа», Қарағанды), Владимир Волков, Александр Своеволин, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Артем Лихотников («Хумо», Ташкент), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу), Ян Тютюньков («Торпедо», Өскемен), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток).
Осылардың арасынан соңғы оқу-жаттығу жиынында 25 хоккейші іріктелініп алынады. Ал әлем чемпионатында жерлестеріміз Норвегия, Дания, Германия, Мажарстан, Чехия, Швейцария және АҚШ құрамаларымен бірге «В» тобында өнер көрсетеді.