
Қазіргі кезде өңірде мемлекеттік 38 емдеу мекемесі тіркелсе, биыл 761 мыңнан астам тұрғын медициналық сақтандыру арқылы дәрігерлік көмек алады. Жыл басында науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 9,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 549 млн теңге бөлінді. Жағымды жаңалық –осы жылы пайдалануға берілетін 23 медициналық нысанның 15-і жаңадан салынып жатса, 8 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өңір басшысы облыс орталығындағы күрделі жөндеуге келмейтін, әбден тозған ғимараттарда отырған медицина мекемелерінің орындарын ауыстыруды қолға алуды тапсырды.