
«Егемен Қазақстан» әрқашан ұлт мүддесін биік қойған, қоғамның өзекті мәселелерін қозғап, мемлекеттік саясатты халыққа дұрыс жеткізуде үлкен рөл атқарып келеді. Басылым бетінен Алаш арыстарының да, Тәуелсіздік тұсындағы ұлы тұлғалардың да терең ойлы мақалалары орын алған.
Газет тек жаңалық таратушы ғана емес, қоғамның тамырын дөп басып, ой қозғаушы, бағыт беруші құрал бола білді. Саясат, экономика, мәдениет, білім беру, тіл мәселесі – қай тақырып болмасын, «Егемен Қазақстан» әрдайым салмақты сараптамалар жасап, оқырман назарына ұсынып отыр.