Аймақтар • 08 Сәуір, 2025

Қызылордада кене шаққан 23 адам көмекке жүгінген

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылынған күн көзімен бірге улы жәндіктер де оянып, айналаға қауіп төндіре бастайды. Мысалы, Қызылордада көктем мен жазда кене шағуынан болатын Конго-Қырым қызбасы өрши түседі, деп жазады Egemen.kz

Қызылордада кене шаққан 23 адам көмекке жүгінген

Мамандардың айтуынша, қазір санитарлық жұмыстар кестеге қойылған. Облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықованың айтуынша, былтыр облыста 115 елді мекен қолайсыз деп танылса, биыл олардың саны – 111 болып тұр. Жыл сайын қаржы бөлініп, осындай елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезеңде жүзеге асырылады. Биыл ол 9 сәуірден басталмақ. Алғашқы болып Шиелі, Жаңақорған аудандарында жүргізіледі.

Өткен жылы Конго-Қы­рым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз саналыпты. Ауруға күдікті 18 жағдай тіркеліп, оның 9-ы клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық жолмен расталған.

Ал биылғы екі айда 23 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген.

Соңғы жаңалықтар

Он үш қыздың ерлігі

Әдебиет • Бүгін, 07:45

Болған ана күмбезі

Мирас • Бүгін, 07:40

3D-принтермен салынатын мектеп

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Жаңа браузер пайда болады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:27

Алматыда жаппай жол апаты болды

Төтенше жағдай • Кеше