
Фото: gov.kz
Бағдарлама педагогикалық тәжірибеге психоәлеуметтік қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс істеуге бағдарланған әдістерді енгізуге бағытталған.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында мамандарға балалармен және отбасыларымен жұмыс істеу тиімділігін арттыру тәжірибелерін үйрету көзделген.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары ашылып, бүгінде 250 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген.