Әлем • 28 Наурыз, 2025

Франция президенті: Жамандыққа дайын болайық

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер ұйымдастырған «Ынталылар коалициясы» саммиті өтті. Кездесу тақырыбы Ресеймен бейбіт келісім жасалған жағдайдағы Украина үшін кепілдік мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Франция президенті: Жамандыққа дайын болайық

Макрон саммит қорытындысына сәйкес оның мүшелері Украина мен оның армиясын қолдауды жалғастыруға келіскенін, сондай-ақ Ресей мен оның көлеңкелі танкерлер флотына қысым көрсетуді жалғастыруға уәде бергенін айтты.

Сондай-ақ, Макрон Украинаға «олардың болашағын жоспарлау үшін» француз-британдық әскери делегация жіберілетінін мәлімдеді.

Мүмкін болатын бітімгершілік күштер туралы айта отырып, Макрон олардың әлі қалыптасу кезеңінде  екенін айтты. 

Бұған қоса Франция басшысы Еуропа елдері ешкімге арқа сүйемей, тығырықтан өзі шығуға дайындалу керектігін жеткізді. 

«Жақсылыққа үміт етейік, жамандыққа дайын болайық», деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше