Елорда • 18 Наурыз, 2025

Елорда жастары ұлттық киім күнін ерекше атап өтті

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткізілген челлендж – ұлттық киім кию мәдениетін дәріптеуді және оның заманауи өмірмен үйлесімділігін көрсетуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

 

Елорда жастары ұлттық киім күнін ерекше атап өтті

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше қатысушылар ұлттық киіммен қала көшелерін аралап, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сондай-ақ басқаларды да осы бастамаға қосылуға шақырды.

«Шапан – қазақ халқының ерекше ұлттық киімі. Ол – қонақжайлықтың, мәрттіктің белгісі. Наурызда шапан кигенде біз тек ұлттық киімімізді ғана емес, ата-бабамыздан қалған бай мәдени мұрамызды да жаңғыртамыз», деді қалалық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» қанатының Астана бойынша филиал басшысы Арсланбек Мағзұм.

«Тақия – ұлттың айнасы. Ол домалақ пішінімен киіз үйді еске салады. Киіз үй – бірліктің, тұтастықтың белгісі. Ал тақия – жастықтың, рухтың, намыстың белгісі. Өз болмысыңды ұмытпа. Тақияңды түзе», деді «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының басшысы Жандос Ақтаев.

Челленджге қатысушылар отандастарымызды ұлттық киім күнімен құттықтап, ерекше дәстүрді бірге жаңғыртуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Ауыл тұрғындарының аманаты

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Астана өнегесі

Елорда • Бүгін, 11:00

Түркиядан табысты оралды

Спорт • Бүгін, 10:50

Абаттандыру аясында

Елорда • Бүгін, 10:30