Аймақтар • 12 Наурыз, 2025

Жамбылдық диқандар көктемгі дала жұмысына дайын

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының диқандары көктемгі дала жұмыстарына сақадай-сай. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл 54,8 мың тонна тұқым дайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылдық диқандар көктемгі дала жұмысына дайын

Жалпы алғанда биыл 659,9 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 33,2 мың гектарға артқан. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Агронесиелік корпорация» арқылы шаруаларға 8 млрд теңге көлемінде 5 пайызбен несие берілмек.

«Осы жылы 400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жаңару жоспарын 6,5 пайызға жеткізу көзделіп отыр. 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 39,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы есебінен 16 мыңнан аса ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде өсімдік шаруашылығында 325,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде», дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбдірәсіл Желеубаев.

Өңір шаруаларының алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай қарастырылып жатыр. Үкімет тарапынан 20 мың тонна дизель отыны бөлінген. Сондай-ақ осы жылы біршама алқапқа 83,1 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Ал шаруаларға арзандатылған бағамен ұсынылатын жанар-жағармайдың кедергісіз берілуін өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жеке бақылауына алды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15