Жекпе-жек • 12 Наурыз, 2025

Бекзат «Суперменмен» айқасады

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтыр көктемде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аса жеңіл салмақтағы Бекзат Алмахан UFC-дегі тұсаукесер кездесуін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізді. Қарсыласы тым азулы болғанына қарамастан, қазақтың қайсар ұлының өнері жақсы әскер қалдырды. Қандасымыз Дағыстанның тумасына лайықты қарсылық көрсетіп қана қоймай, бірінші раундта оны сұлатып салуға шақ қалды.

Бекзат «Суперменмен» айқасады

Көпшіліктің есінде қалған бұл жекпе-жекке Бекзаттың алаңға жарақатпен шыққанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Және де оны бірден тым мықты қарсыласқа қарсы қойды. Умар – даңқты Нурмагомедовтер әулетінің мүшесі. Сол күнге дейін ол 16 кездесуінің барлығында жеңіске жетті. UFC-ге келген бетте төрт қарсыласын сұлатып салды. Жуырда ғана авар ұлтының өкілі әлемдегі ең белді промоушеннің чемпиондық белбеуі үшін грузиялық Мераб Двалишвилимен жекпе-жекке шығуы да оның қандай деңгейдегі тұлға екенін аңғартса керек. Бірақ Алмахан одан еш қаймыққан жоқ. Атағы жер жарған Хабибтің інісімен тең дәрежеде айқасып, өзінің әлеуеті зор спортшы екенін байқатты. Десек те жеңіс Умардың уысында кетті.

Содан бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, Бекзат Алмаханды айқас алаңынан көре алмадық. Сөйтсек, жа­рақатымен алысып әлек болып жүрген екен. Ұзақ уақыт бойы ем-дом қабылдап, енді ғана қатарға қосылды. Күні кеше ғана Бекзаттың қайта октагонға шығатыны белгілі болды. Ол 11 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы – канадалық Брэд «Супермен» Катона.

33 жастағы Брэд Канадада дүниеге келгенімен, қазіргі кезде Ирландияда тұрып жатыр. Ол жастайынан күрес, бокс және бразилиялық джиу-джитсумен шұғылданды. Аралас жекпе-жектегі мансабын 2014 жылы бастады. Сол аралықта 20 кездесу өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. Дублиндегі «SBG Ireland» залында атышулы Конор Макгрегормен бір залда жаттығатын «Супермен» «The Ultimate Fighter» турнирінде екі мәрте топ жарып, UFC-ге қабылданды. 2021 жылғы 11 наурызда Бахрейннің BRAVE промоушенінің чемпионы атанды.

Брэд Катона талай дүлей күш иелерімен күш сынасты. 2019 жылы Мераб Двалишвилимен айқасқанының өзі неге тұрады. UFC-дің болашақ чемпионынан ұпай санымен ғана ұтылды. 2021 жылы Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі Алматыда ұйымдастырылған BRAVE тур­нирінде ресейлік Байр Штепинді сабап тастағанын көзіміз көрді. Былтыр «Супермен» үш рет октагонға шықты. Луисвиллде Джесси Батлерді жеңсе, Торонто мен Лас-Вегаста Гаррет Армфилд пен Жеан Мацумотаға есе жіберді. Бұл бәсекелердің барлығы да аяғына дейін созылып, қорытынды шешімді төрешілер шығарды. Міне, енді Катона қазақтың ұлы Бекзат Алмаханға қарсы шығады. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15