Медицина • 09 Наурыз, 2025

Жамбыл облысында 70 дәрігер жетіспейді

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында білікті маман тапшылығы әлі де байқалады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері ауқымды жұмыс атқарғанымен, медицина саласы әлі де болса білікті дәрігерлерге зәру, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 70 дәрігер жетіспейді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевтың айтуынша, Жамбыл облысы бойынша 70 дәрігер тапшылығы бар.

«Облыстағы мемлекеттік ұйымдардағы дәрігерлер тапшылығы 2024 жылдың қорытындысымен 70 бірлік (22 қала, 48 ауыл) болды. Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді.

Жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып (резидентура), оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 62 дәрігер өңірге жұмысқа келді.

Республикалық бюджет есебінен Жамбыл облысына мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыспен 182 дәрігер резидентурада оқиды. 2024 жылдың қорытындысымен 3 893 медицина қызметкерлері (оның ішінде 977 дәрігер, 2 916 орта буын қызметкерлері) оқытылды. Жалпы шетелде 21 дәрігер біліктілігін арттырды. 2024 жылы өңірге 90 жас маман келді», дейді ол.

Жамбыл облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15