
Бүгін бір топ жасөспірімнің арасындағы әлімжеттік туралы видео әлеуметтік желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түсті.
Алайда, ШҚО полиция департаментінің өкілдері видеоның осыдан 2 жыл бұрын түсірілгенін мәлім етті.
– Видео 2023 жылы Герасимовка орта мектебі аумағында түсірілген. Сол кезде оқиғаға қатысушылармен және басқа да оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл жасөспірімдермен мектеп психологы жеке сөйлесті. Қазір олардың екеуі 10-сыныпта оқуын жалғастырып жатыр. Ал қалғандары колледждер мен университеттерге оқуға түсіп кетті, – делінген ақпаратта.