Таным • 01 Наурыз, 2025

Ғалам ғажаптары: Түсті тану

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дальтонизм құбылысы ағылшын ғалымы Джон Дальтонның құр­метіне аталған, өйткені ол XVIII ғасырдың соңында алғаш рет түсті ажырата алмау мәселесін ғылыми түрде сипаттады.

Ғалам ғажаптары: Түсті тану

Оның өзі де дальтоник болған, бірақ бұл туралы 26 жасына дейін білмеген. 1794 жылы Дальтон «Түсті қабылдау туралы ерекше көзқарас» атты еңбегін жариялап, онда өзінің және ағасының түстерді қалай қабылдайтынын нақты сипаттайды. Бұл жұмыс түсті тану туралы алғашқы ғылыми зерттеулердің бірі болды. Осылайша, Джон Дальтонның еңбегі медицина саласына үлкен үлес қосып, адамның көру қабілетін тереңірек түсінуге жол ашты.