Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Мектептердегі алғашқы әскери дайындық жүйесі жаңартылады

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған алғашқы әскери дайындық курсы жаңартылып, жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептердегі алғашқы әскери дайындық жүйесі жаңартылады

Фото: azattyq-ruhy.kz

Қорғаныс министрлігі «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін «Отан қорғаушы» деп өзгертіп, осы саладағы білімді жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, жаңартылған курс бағдарламасы 10–11 сынып оқушыларына арналған және жалпы 72 сағаттан тұрады. Бағдарламаға заманауи пәндер қосылады, олардың ішінде:

  • «Әскери роботтар және жасанды интеллект»;
  • «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»;
  • «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Әскери доктринасы»;
  • «Оқу-далалық модулі».

Бұл өзгерістер патриоттық тәрбиені күшейтуге, сондай-ақ жастардың әскери дайындығын арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта жоба Оқу-ағарту министрлігінде талқылану үстінде, ал курсты енгізу 2026–2027 оқу жылына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37