
Жазушы күн сайын таңғы төртте тұрып, 10 км жүгірген не 1, 5 км жүзген. Кейде екеуіне де үлгеретін. Тәнін шыңдап, жанын қуаттаған әсерден соң бес-алты сағат жұмыс істеген. Одан кейін күні бойы кітап оқып, ертерек ұйқыға жатқан. Осы режімді ұстаған жазушы «Мен әсерлену үшін өз-өзімді таңғалдыратын іспен айналысамын», дейді.