Таным • 26 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Жанашыр спортшы

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«NBA» ойыншысы Хорас Грант ман­са­бының ортасында алыстан көр­меу (миопия) мәселесіне тап болып, арнайы спорттық көзілдірік кию­ге мәжбүр болды. Кейін лазерлік кор­рек­ция операциясын жасатып, баскет­бол­шының көру қабілеті жақсарды.

Ғалам ғажаптары: Жанашыр спортшы

Алайда Грант алаңда көзілдірік киюін жалғастыра берді. Неге десеңіз, бұл ше­шімге ата-аналардан келген Алғысхаттар әсер еткен еді. Олардың айтуынша, көру қабілеті нашар балалар спортшының стилінен шабыт алып, көзілдірік киюге ұялмайтын болған. Сол себепті, Грант көзілдірікті сән үшін емес, жас жан­күйерлерге қолдау белгісі ретінде тағып жүрді.