
1905–1906 жылдары Фулк «Челси» командасында ойнағанда, клуб басшылары спортшының алып денесін одан сайын ерекшелеу үшін айрықша айла қолданды. Яғни маркетинг мамандары қақпаның артына екі кішкентай баланы қойып, оларға алаңнан шығып кеткен доптарды жинау міндетін жүктеді. Бұл балалар Фулктің жанында тым кішкентай көрінгендіктен, қақпашының дене бітімі одан да әсерлі һәм үрейлі көрінді. Осылайша, маркетингтік әдіс ретінде басталған бұл тәсіл уақыт өте келе футболдың маңызды элементіне айналды.