Спорт • 24 Ақпан, 2025

Қазақ спортшылары каратэден 11 медаль олжалады

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында каратэден  жастар арасында халықаралық турнир өтті. А сериясындағы бәсі жоғары додадан спортшыларымыз 4 алтын, 7 қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ спортшылары каратэден 11 медаль олжалады

Жалпы командалық есепте Ресей спортшылары топ бастаса, Иран мен Мысыр құрамалары үштікті түйіндеді.

Қанжығамызға алғашқы алтын медальді кумите бағдарламасы бойынша күшін сынаған Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17) еншіледі. Ол 55 кг салмақта барлық қарсыласын айқын ұтты. Дінмұхаммед 2023 жылы осы Фуджейрадағы сайыстың қола жүлдегері атанған болатын.

14-15 жас санатында Нұрасыл Нұрсейіт (52 кг) пен Сұңқар Қанибек (70 кг) чемпион атанды. Нұрасыл финалдық сында украин спортшысын жеңсе, Сұңқар хорват қарсыласынан басым түсті.

Қыздар арасында Аяулым Тілектес (47 кг) 6 жекпе-жекте қарсыласын айқын ұтты. Халықаралық турнирдің қола медалін U21 жас санатында Ақниет Шеризат (55 кг), U16-17 жас санатында Гүлнұр Қойшыбай (59 кг), 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер додасында Әмір Кеңесбай (52 кг), Руслан Еркін (57 кг), Батыр Әділ (57 кг), 12-13 жас аралығындағы жеткіншектер сайысында Арнұр Мұрат (45 кг) пен Инсар Ахмадиев (50 кг) олжалады.

Р

Фуджейрадағы турнирге 87 елден 2400-ге тарта спортшы қатысты. Елімізден 140 каратэ шебері бағын сынады. Жастар лигасының А сериясындағы келесі дода Испанияның Гвадалахара қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00