Қоғам • 23 Ақпан, 2025

Рейс кешіккені үшін өтемақы алуға бола ма?

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рейс кешігуі - кез келген жолаушы тап болуы мүмкін жағымсыз жағдай, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейс кешіккені үшін өтемақы алуға бола ма?

Жолаушылардың құқықтары қандай?

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 86-бабына сәйкес рейс кешігуіне әуекомпания кінәлі болған жағдайда әуе кемесі кеш келуіне байланысты тасымалдаушы мынаған міндетті:

Жолаушыларға аралық пункттерде салқын сусындар беру;

Кешіккен уақытына байланысты ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

Кешіккен уақытына қарай қонақүй ұйымдастыру;

Қажет болған жағдайда әуежайдан қонақүйге және кері трансфер беру.

Ақшалай өтемақы алуға бола ма?

Заңға сәйкес жолаушылар ақшалай өтемақы алуға да құқылы.

- Жолаушыны межелі жерге кеш жеткізгені үшін тасымалдаушы әр кешіккен сағат үшін тариф (кешіккен ұшу учаскесінің тарифі) құнының үш пайызын айыппұл ретінде төлеуге міндетті. Сонымен қатар, жолаушы кешігуіне байланысты шығынға ұшыраған жағдайда да өтелуі қажет. Айыппұлдың жалпы сомасы сатып алынған тарифтің (ұшу учаскесінің тарифінің) құнынан аспауға тиіс, - деп түсіндірді ААК өкілдері.

Өтемақыны қалай алуға болады?

Егер рейсіңіз кешігіп, тиісті өтемақы немесе қызметтерді алғыңыз келсе:

Әуекомпания өкілдігіне жүгініп, қажет қызметтерді талап етіңіз.

Барлық құжатты сақтаңыз: отырғызу талоны, билет, қосымша шығындарға (тамақ, қонақүй) кеткен чектер.

Егер тасымалдаушы өз міндетін орындаудан бас тартса, жазбаша шағым жіберіңіз.

Егер шағым қанағаттандырылмаса, Азаматтық авиация комитетіне немесе сотқа жүгінуге болады.

- Осы бапта көзделген талаптарды бұзған тасымалдаушылар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады, - деді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025