Жекпе-жек • 22 Ақпан, 2025

Асу Америкаға аттанды

56 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аса жеңіл салмақта (57 кг) күш сынасып жүрген қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев өз командасымен бірге Америкаға аттанды. Ол 2 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде Аустралияның арланы Стив Эрцегпен айқасуға тиіс еді. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кездесу өтпейтін болды.

Асу Америкаға аттанды

Жоғарыдағы жағдайдан ке­йін UFC басшылығы рей­тингте 9-орында тұрған Стив Эрцегтің орнына дереу басқа спортшыны іздеді. Көп кешікпей Асудың қарсыласы ретінде Аллан Наси­ментоның есімі аталды. «Таза сүйек» деген бүркеншік атпен та­нылған 33 жастағы Бразилияның өкі­лі 2011 жыл­дан бері аралас жекпе-жек­ті серік етеді. Бірақ кейіннен Наси­ментоның басқа біреумен айқа­саты­ны белгілі болды. Қандасымыз енді португалиялық Манэл Капемен күш сынасады. Манэл Анголада туып, кейіннен Португа­лия­ға қоныс аударған. 31 жастағы файтер аралас жекпе-жектегі тұсауке­сер кездесуін 2012 жыл­дың көктемінде өт­кізді. Барлығы 27 рет айқас алаңына шығып, 20 рет жеңіске жетті. 17 бәсекеде айқын басымдық танытты. Бүркеншек есімі – «Starboy» («Жұлдызды жігіт»). 2019 жылы Пиреней түбегінен келген көкжал Сайтамадағы Rizin 20 турнирінде Кай Асакурадан айласын асырып, сол промушеннің чемпионы атанды. 2021 жылы UFC-ге қабылданды. Әлемдегі ең белді ұйымдағы алғашқы екі кездесуінде Алешандро Пантожа мен Матеус Николаудан ұтылды. Одан кейін Оде Осборн, Жалғас Жұмағұлов, Дэвид Дворак, Фелипе Дос Сантосқа сан соқтырды. Былтыр екі жекпе-жек өткізді. Жазда Мұхаммад Мокаевтан жеңілсе, қыста Бруно Густаво да Сил­ваны есінен тандырды.

Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген Асу Алмабаев 25 қаңтарда 31 жасқа толды. 2013 жылдан бері кәсіпқойлар арасында бақ сынап жүр. Рекорды – 23 жекпе-жек, 21 жеңіс, 12 нокаут, 2 жеңіліс. Асу үшін 2017 жыл сәтсіз болды. Қазақ файтері Тагир Ұланбеков пен Мехман Мәмедовтен ұтылды. Сәтсіздіктен сабақ алған Алмабаев қатарынан 17 бәсекеде басымдық танытты. 2019 жылы М-1 Global промоушенінің уақытша чем­пионы атанды.

Ұзақ уақыт бойы АСВ, Алаш Прайд, Tech-Krep, Fight Nights, Найза, М-1 Global, Brave секілді ұйымдарда күш сынасып, біраз тәжірибе жинақта­ған Асу 2023 жылғы 5 тамызда UFC-дегі тұсаукесер кездесуін өткізді. Нэшвилде ямайкалық Ода Осборнды «қылқындыру» тәсілімен ұтты. Был­тыр америкалық Карлос Вергара, Хосе Джонсонды, бразилиялық Матеус Николауды төрешілердің шешімі­мен жеңді. Осы табыстарының арқасын­да рейтингте 8-орынға көтерілді.

Қазірде мамандар Алмабаевтың әлеуетін жоғары бағалап отыр. Бұл салмақтың чемпионы – Алешандре Пантожа (Бразилия). Брэндон Ройвал (АҚШ), Брэндон Морено (Мексика), Әмір Албази (Иран), Кай Кара-Франс (Жаңа Зеландия), Тацуро Таира (Жапония), Манель Капе (Ангола), Алекс Перес (АҚШ) сынды саңлақтар рейтингте біздің жігіттен жоғары тұр. Десек те Асудың алар асулары әлі алда. Осы жекпе-жекте жеңіске жетсе тағы бірнеше сатыға биіктейді. Жеңісті жолы жалғасын тапса, чемпиондық тәжге де таласатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15