
Шын мәнінде, планеталар бір-бірінен миллиондаған шақырым қашықтықта орналасқан, бірақ Жерден қарағанда қатар тұрғандай көрінеді. Мұндай көрініс өте сирек болады. Әдетте, қатарда бес немесе алты планета ғана тұрады, ал жеті планетаның бір мезетте тізілуі – ерекше жағдай. Соңғы рет мұндай құбылыс он жылдан астам уақыт бұрын болған, ал бұдан кейін 2040 жылы ғана қайталанады.