Таным • 15 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Апаттан аман қалған

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1971 жылы 24 желтоқсанда LANSA 508 рейсі Перуден ұшып шығады. Алайда көп ұзамай ұшақты най­зағай соғып, Амазонканың қа­лың джунглиіне құлайды. Ұшақ­тағы 92 адамның ішінен жалғыз ғана 17 жастағы Юлиане Кёпке тірі қалады.

Ғалам ғажаптары: Апаттан аман қалған

Таңғаларлығы, ұшақ апатынан аман қалған қыздың басына бұдан да қиын сынақ келеді. Юлиане апат салдарынан жабайы джунглидің ортасында жалғыз қалған еді. Бірақ ол әкесінің: «Егер орманда адасып қалсаң, судың ағысын жағалай жүр», деген сөзін еске түсіреді. Ол жарақатына қарамастан 11 күн бойы қалың нуды аралап, өзен бойымен жүріп отырады. Осылайша, құтқарушыларға кездесіп, аман қалған.