Таным • 15 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: «Балық жауған»

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аспаннан балық жауған десе, сірә сенбессіз. Бірақ бұл – табиғаттың тағы бір ғажабы. Гондурастың Йоро қаласында жыл сайын «балық жауыны» болады.

Ғалам ғажаптары: «Балық жауған»

Бұл құбылыс мамыр мен маусым айларында орын алады. Жергілікті тұр­ғындардың айтуынша, найзағай ойнап, қатты жел соққаннан кейін аспаннан балықтар жауа­ды. Ғалымдар мұны ауа ағысының күшті құйыны теңіздегі балықтарды көтеріп алып, жаңбырмен бірге құрлыққа әкелетін сирек құбылыс деп түсіндіреді. Бірақ жергілікті тұрғындар бұны Құдайдың сыйы деп қабылдайды.