Таным • 14 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Әуеде киім үтіктегендер

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киім үтіктеу – күнделікті тұр­мыстың ең қарапайым әре­кет­терінің бірі. Бірақ елестетіп көріңізші, сіз парашютпен жо­ғарыдан құлдилап келесіз, ал қолы­ңызда – үтік пен үтіктеу тақ­тасы. Иә, қорқынышты әрі қиын әрекет. Ал экстремалды спорт­шыларға бұл – жай ғана қызық.

Ғалам ғажаптары: Әуеде киім үтіктегендер

Осы бір ерекше үрдісті алғаш болып америкалық Тони Хайем бастаған. Ол өзінің ағасынан шабыт алып, киімін ерекше және қолайсыз жерлерде үтіктей бас­тапты. Мысалы, адамға лық толы күту залында немесе тік жартас басында деген секілді. Уақыт өте келе бұл идеяны басқа экстремалдар да қолдап, қазір бүкіл әлемге таралған ерекше спорт түріне ­айналды.