Оқиға • 13 Ақпан, 2025

Жамбыл облысында 22 жастағы полицей өзіне оқ атты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері жұмыс орнында өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында 22 жастағы полицей өзіне оқ атты

Фото: IIM

22 жастағы полиция сержанты қызметтік Макаров тапаншасын пайдаланып, өзін-өзі атып өлтірген. Полицейдің мәйіті Тараздан 5 шақырым жердегі бекеттен табылды.

Облыстық полиция департаменті қызметкердің өлімі туралы ақпаратты растады.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің жан-жақты болуына бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58