Әлем • 10 Ақпан, 2025

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы соғысты аяқтау мәселесін талқылады. Бұл туралы New York Post хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Фото: ашық дереккөз

Трамп мұны Air Force One бортында журналистермен әңгімелесу барысында мәлімдеді.

Алайда Ақ үй басшысы Путинмен әңгімесінде анық не айтылғанын ашып айтпады. 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса бұл әңгіменің болғанын не растамады, не жоққа да шығармады. 

«Вашингтондағы жаңа әкімшіліктің жұмысына байланысты түрлі байланыстар болып жатыр, олар әртүрлі арналар арқылы жүргізіледі. Сондықтан мен барлық байланыстардан хабардар болмауым мүмкін. Сондықтан бұл ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмаймын», деді ол.

Трамп New York Post тілшісімен сұхбатында Путиннің майданда қаза болып жатқан адамдарға бей-жай қарамайтынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше