
14 жасында ауыр өкпе инфекциясымен ауруханаға түсіп, 14 литр қан құйылып аман қалған Джеймс болашақта өзі де донор болуға бекінеді. 18-ге толып алғаш қан тапсырған кезде дәрігерлер оның қанында ерекше антиденелер бар екенін анықтайды. Бұл антиденелер резус-конфликт кезінде нәрестелерді өлімнен сақтайтын анти-D иммуноглобулин дәрісін жасауға көмектескен. 60 жылдан астам уақыт ішінде Харрисон 1 173 рет қан тапсырып, 2 миллионнан астам нәрестенің өмірін құтқарып қалған.