Таным • 07 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Гипертимезия – ерекше қабілет

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір сәтке өміріңіздің әр күнін, әр сәтін, тіпті ауа райына дейін дәл есіңізде сақтай алатыныңызды елестетіңізші. Бұл – гипертимезия деп аталатын ерекше қабілет.

Ғалам ғажаптары: Гипертимезия – ерекше қабілет

Әлемде мұндай қабілетке ие адамдар саусақпен санарлық. Солардың бірі – Джил Прайс. Оның 14 жасынан бері өмірінің әр күні есінде. Біреу белгілі бір күнді айтса, сол сәтте ауа райынан бастап, не кигеніне дейін айтып бере алады. Бір қызығы, бұл қабілетінің бір күні адам өмірін құтқарады деп өзі де ойламаған. 2013 жылы Джил жол апатының куәгері болып, жедел жәрдем жеткенше жарақат алған адамға дереу алғашқы көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалады. Ол алғашқы көмек ережелерін жас кезінде медицина кітабынан оқыған екен.