
2023 жылы Колорадо университетінің ғалымдары осы жұмбақ өлкеге қатысты жаңа болжам ұсынды. Олардың зерттеуінше, аймақта ерекше алтыбұрышты бұлттар қалыптасады. Бұлар алапат дауылдар мен суасты құйындарын тудырады. Осылайша, табиғи құбылыс кемелер мен ұшақтарды әп-сәтте су түбіне тартып әкетуі мүмкін екен. Ғылыми болжам ақылға қонымды болғанымен, Бермуд үштағанының құпиясы әлі толық ашылған жоқ.