Аймақтар • 05 Ақпан, 2025

69 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО тұрғыны Людмила Плотникова өмір бойы ресми құжатсыз жүрген. Осыған дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, алайда кейін оны жоғалтып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

69 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

Фото: Ашық дереккөз

Людмила Плотникова жылдар бойы жаңа құжатты қажет етпеген. Биыл  Қазақстан Республикасының азаматтық мәртебесін қалпына келтіру үшін Алтай ауданының көші-қон қызметіне жүгінген. Көші-қон қызметкерлері оған барлық жағынан қолдау көрсетіп, қажетті құжаттарын жинауға көмектесіп, мұқият тексеру жүргізіп, тиісті органдарға сұрау салған.

2025 жылдың ақпан айында ол барлық рәсім аяқталған соң, алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алған.

Азаматша мамандарға көмек көрсеткені үшін алғысын айтып, енді Қазақстан азаматы ретінде барлық құқығын пайдаланып, әлеуметтік қызметтерді кедергісіз ала алатынына қуанышты екенін жеткізген.