Оқиға • 04 Ақпан, 2025

Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 ақпанда Түркістан облысында «Кентау-Түркістан» тас жолының бесінші шақырымында екі көлік соқтығысып, артынан ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушінің бірі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан алты адам қаза тауып, зардап шеккен төрт адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство барлық азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10