Есірткі • 25 Қаңтар, 2025

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда  есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматылық азаматты тінту барысында қара изолентаға оралған ұнтақ заты бар 18 байлам табылып, тәркіленген. Ұсталған адам «синтетиканы» интернет арқылы алғанын мойындады.

- Жедел уәкілдердің айтуынша, ол бұл шөпті сатуды жоспарлаған. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Бұрын хабарланғандай, 2024 жылы қалада заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам «синтетика» тәркіленді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты барлығы 760 құқық бұзушылық анықталып, 275 шөпті сату дерегінің жолы кесілген. 23 зертхана жойылып, екі есірткі қоймасы анықталды, 105 есірткі қойып кетуші ұсталды.

Соңғы жаңалықтар

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Шапшаң тілмаш

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55